"Әлеуметтік желіде танысқан": Павлодар облысында 26 жастағы жігіт оқушы қызды жыныстық қатынасқа итермеледі деген күдікке ілінді
Павлодар облысы Ақсу қаласында 26 жастағы жігіт 12 жастағы оқушы қызды оральді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қыздың анасының айтуынша, күдікті мектепке дейін қызбен бірге еріп барып, "қайталап" жасауын талап еткен.
Қалалық білім бөлімі ақпаратты растады. Жәбірленуші тараптың арызы негізінде 26 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.
Жәбірленуші күдіктімен әлеуметтік желіде танысқан.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады