AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемді үлкен қаржы дағдарысы күтіп тұрғаны рас па? Сарапшылар көпті алаңдатқан сауалға жауап берді

Кейбір сарапшылар Украина мен Ресей арасындағы соғыс әлемдік экономикалық дағдарысқа алып келетінін болжауда. Олардың сөздеріне сүйенсек, қаржы нарығындағы жағдай осы жылдың күзінде ушығып кетуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz тілшісі білікті қаржы мамандарының пікірін сұрап көрді. 

доллар

Қаржы сарапшысы Арман Бейсембаев алдағы уақытта ірі дағдарыс болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Экономистің айтуынша, нарықтың құлдырауы сонау коронавирус пандемиясымен бірге басталған.

"Негізінен кез келген дағдарыс әлемдік экономикадағы кейбір мәселелердің шешімі болады. Алайда 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде мемлекеттік және жеке қарыздардың жиналуы сынды түйіткілді проблема шешілмей қалды. Сондықтан халықтың жағдайын көтеру үшін барлық елдер ақша басып шығару ісін қолға алды. Жағдай тұрақталған соң 2018 жылдан бастап мұны тоқтатып, базалық ставканы көтерді. Дегенмен коронавирус пандемиясы барлық жоспарды бұзды деуге болады. Карантинде үйде отырған адамдар табыс көзінен айырылды. Сондықтан ақша басу ісін қайта жандандырды. Жағдайды тұрақты ұстап тұру үшін ақшаны халыққа тарату сәтсіз тәжірибе болды десем болады. Бұл инфляция деңгейінің өсуіне әкеп соқты", – дейді Арман Бейсембаев. 

Сарапшы мемлекеттердің сәтсіз тәжірибесі бағаның өсуіне, логистикалық тізбектің бұзылуына әсер еткенін атап өтті. Сонымен қатар инфляция деңгейінің өсуімен қатар нарықтың құлдырауы жағдайды одан әрі ушықтырған.

"Әлемде үлкен экономикалық дағдарыс орнайды деген пікірмен келісемін. Себебі тоқыраудың алғашқы белгісі қазіргі қор нарығының құлауы болды. Қор нарығы алдағы 6 айда болатын қиын кезеңнің хабаршысы дейміз. Нарықтағы өзгеріс елдердің экономикасына әсерін тигізбей қоймайды. Екінші белгісі – базалық ставканың көтерілуі. Барлық елдер бұл ставканы көтеріп жатыр. Тіпті 25 жылға жуық уақыт базалық ставканы көтермей келген Жапония банкі де ставканы қайта қарайтынын хабарлады. Осыған қарап, алдағы күзде үлкен дағдарыс болады деп топшылауға негіз бар. Меніңше, тамыз-қазан айларының аралығында дағдарыстың болу-болмауы айқындалады. Бір айта кетерлігі, бізді күтіп тұрған тоқырау 2008-2009 жылдардағы дағдарыспен салыстыруға келмейді", – деп қосты ол. 



Арман Бейсембаев базалық ставканың көтерілуі экономиканың барлық саласына әсер ететінін айтады. Сондықтан қаржыгер  азаматтарға экономикалық дағдарысқа дайындалуға кеңес берді. 

"Несие мен ипотека алудың керегі жоқ. Дағдарыс кезінде жұмыстан айырылсаңыз, қарыз өтелмей қалады әрі үйсіз қаласыз. Егер несиеңіз болса, 6 ай уақытыз бар деп ойлаңыз. Барынша төлеп тастау керек. Келесі нәрсе – табыс қуаламау. Жұмысыңыз болса, жалақы тұрақты берілсе, басқа жаққа ауысуды ойлаудың мәні жоқ. Қолда бар қаржының барлығын банкте сақтамау қажет. Бір бөлігін "жастықтың астында" ұстаған жөн. Сондай-ақ артық шығыннан арылған абзал. Қазір шығындалатын емес, ақша жинайтын уақыт", – деп түйіндеді экономист. 

Экономист, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев экономикалық дағдарыстың басталып кетті дегенмен келіседі. Айтуынша, алдағы уақытта жағдай одан әрі ушыға түспек. Бұған АҚШ-тың долларды жаппай басып шығаруы мен Украинадағы соғыс әсер етіп отыр. 

“Қазір жаһандану процесі тиімсіз іске асып жатыр. Қаржы бөлінісі де әділетсіз. Әрі доллар эмиссиясын бір ғана мемлекет басқарып отыр. АҚШ-тың долларды жаппай басып шығаруы әлемдегі инфляция деңгейінің өсуіне алып келді. Осы секілді факторлар әлемдік экономиканың құлдырауына әсер етті. Ал ірі державалардың текетіресі жағдайды одан әрі ушықтырды. Украинадағы соғыс әлемдің экономиканың кез келген уақытта төмен құлауы мүмкін екенін тағы бір рет дәлелдей түскендей”, – деді Рахим Ошақбаев.

Ал белгілі экономист Мұрат Темірханов әлемдік дағдарыс болса да, Қазақстанға төнер қауіп аз дейді. Себебі бүгінгі таңда мұнай бағасы шарықтап тұр. Ал дағдарыс салдарынан жанармай бағасы өссе, бұл еліміз үшін тиімді болмақ, дейді ол. Сондай-ақ сарапшы Еуропа банкі мен Федералды қор жүйесі сынды ұйымдар дағдарыстың алдын алу мақсатында түрлі шараларды ұйымдастырып жатқанын атап өтті. 

"Әрине, әлемдік экономикалық дағдарыс болуы мүмкін. Дегенмен дамыған елдер монетарлық саясатты қатаңдатуда, яғни жаңа саясат жағдайды барынша ұстап тұруға бағытталған. Қазіргі шаралар дағдарыстың дамуына жол бермеуі керек. Әйткенмен де болашақты ешкім болжай алмайды. Ірі банктің жабылып қалуы, банкрот болуы дағдарыстың басталуына себепкер болуы әбден мүмкін. Барлық себептерін тізбектеу мүмкін емес", – деп түйіндеді Мұрат Темірханов. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр