Әлемде ең ұзақ өмір сүрген адам 127 жасында қайтыс болды
Бразилияда әлемдегі ең қарт адам Хосе Паулино Гомес 127 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ер адам 1895 жылы 4 тамызда дүниеге келген. Өмірінің соңғы айы төсекке таңылған Гомес 28 шілдеде Коррего-ду-кафедегі үйінде ішкі ағзаларының жетіспеушілігінен қайтыс болған.
Ол 128-ге толуына бірнеше күн қалған кезде өмірден озды. Хосе өмір бойы мал шаруашылығымен айналысқан. Ол 2019 жылға дейін атқа мінген. Оның жеті бала, 25 немере, 42 шөбере мен 11 шөпшек бар.
Бразилиялық әлемде ең ұзақ өмір сүрген адам. Алайда рекордын тіркемегендіктен қазіргі уақытта планетадағы ең қарт адам Испания тұрғыны - Мария Бранас Морера. Қазір ол 115 жаста.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған