Дзюдодан әлем чемпионатында Абиба Абужақынова қола, Елдос Сметов 5-орын алды
Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Абиба Әбужақынов қола жүлдегер атанса, Елдос Сметов 5-орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерлер арасында сынға түскен Нұрқанат Серікбаев жарысты екінші айналымнан бастап, Зара Джеймсті ұтты. Бірақ үшінші белдесуінде Ли Харимнен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. Әлем чемпионы Елдос Сметов Абу-Даби бозкілемінде жақсы өнер көрсетті. Иьетнамдық Дык Дат Чуды, корейлік Ким Вон Джинді және бразилиялық Аугусто Мишелдің мысын басып, тек ширек финалда Аюб Блиевке ұтылды. Өкінішке қарай, қола жүлде үшін белдесуде де Таики Накамураға есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, Әбиба Абужақынова екінші рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр. Ол 2022 жылы Ташкентте өткен дүрмекте де үздік үштіктен көрінген еді.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)

