Алексей Цой денсаулық сақтау вице-министрінің ұсталуы туралы түсінік берді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір бізде сенімді ақпарат жоқ. Себебі тергеу жүріп жатыр. Уәкілетті органдар бұл туралы ақпаратты жариялайтын болады", - деді Цой ОКҚ брифингінде.
Ол вице-министр жұмыстан шығуға арыз жазғанын айтты. Қазір Әбішевтің ісі қаралуда, нақты ақпарат жоқ
"Олжас Әбішев өткен аптада өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш берді. Сондықтан бұл мәселе қазір қаралуда. Егер шешім қабылданса, ол қызметінен босатылады", - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады.
Талқылау
"Адамды қалай өлтіруге болады деп ашық іздеген": Яна Легкодимованың өлімі бойынша тергеуші істі қалай ашқанын баяндап берді
Жас тергеушіден жұмысы туралы сұрадық
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"