Алдағы уақытта жауын-шашын көптеп түседі
Қазгидромет 3-5 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы уақытта жауатын жауын-шашынның мөлшері көбейеді.
"Көктем жылы және жауын-шашынсыз күн райынан басталды. Бірақ көктемде тұрақсыз ауа райы болғандықтан, алдағы тәуліктерде, Қазақстанға ығысатын атмосфералық фронттармен, басым бөліктерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Демалыс күндерінде байқалған жоғары температурадан кейін, алдағы күндері ауа температурасы төмендейді және нормаға жақын болады", - делінген ауа райы болжамында.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар