Алдағы демалыс күндері қазақстандықтарды салқын ауа райы күтіп тұр
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 14-16 тамызындағы ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Салқын Атлантикалық ауамен қуатталатын ауқымды антициклон, Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады және енді оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде температураның төмендеуіне алып келеді. Оңтүстікте термометрлер күндіз 22-30 жылуға, оңтүстік-шығыста 17-25 жылуға, ал шығыста 15-25 жылуға дейін төмендейді. Бірақ солтүстік аймақтар аздап жылынуды күтуде. Мұнда температура 23-28 жылуға дейін
көтеріледі. Қазақстанның батыс жартысына ғана, Иран аудандарынан келетін жылы және құрғақ ауа массалары, жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды және температураның негізгі аясын 32-40 жылу аралығында болады”, –дейді синоптиктер.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды