Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альберт Линдердің өлімі: Ауыр атлетика федерациясы ішкі тергеу жүргізеді

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

25 жастағы спортшы 17 қыркүйекте өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Полиция "өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша тергеу жүргізуде.

"Кеше кешке ауыр атлетикадан ҚР құрамасының бұрынғы мүшелері, оның ішінде көз жұмған Альберт Линдердің ағасы әлеуметтік желідегі парақшасында құрама команданың жаттықтырушыларына сын айтып, шағым түсірді. Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауға алып, әр айыптау бойынша тексеріс жасауға ниетті. Жақын арада Федерация әрбір спортшымен байланысып, ішкі тергеу жүргізеді. Оның қорытындысы туралы қосымша ақпарат берілетін болады", – делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде. 



Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық ауыр атлетші Альберт Линдердің туған інісі Семен Линдер ағасы мен өзінің медальдарын жерге көміп тастағанын айтып, оның өліміне кінәлілер туралы мәлімдеген болатын. 

Айта кетсек, 17 қыркүйекте 25 жастағы дарынды спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер көз жұмған болатын. Ол өзіне қол жұмсаған. Спортшының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2017 жылы 24 жасында Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарды. Одан кейін тамыз айындағы Универсиадада 69 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Сол кезде Линдер үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланып, чемпион атанды.

Талқылау