Заңсыз жолмен жоғары декреттік төлем алған 113 әйел: Әлеуметтік сақтандыру қоры қылмыстық істің барысы туралы айтты
Әлеуметтік сақтандыру қоры заңсыз жолмен көп мөлшерде декреттік төлем алған әйелдерге қатысты қылмыстық істің барысы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Жетінші арнаға сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: freepik.com
Бұған дейін 113 қазақстандық әйелдің үстінен декреттік төлемдерге байланысты алаяқтық әрекеттері үшін қылмыстық іс қозғалған еді.
Әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, 2024 жылы жүкті әйелдер арасында бірнеше жұмыс беруші табу үрдісі көбейген. Схема қарапайым: болашақ аналар ресми табыстарын күрт көбейтіп, үлкен жәрдемақы алуға әрекет еткен. Мысалы, бір кәсіпкер 30 жүкті әйелге құжат жасап берген.
“Сот барысында егер бұл іске қатысы бар адамдар, яғни осы әрекеттерді жүзеге асырған жеке кәсіпкерлер немесе ауыл шаруашылығы қожалықтары анықталса, және олардың арасында жалған еңбек келісімшарттарын жасағандар болса, онда барлығы заңды бұзғаны үшін өз жазасын алады”, – дейді әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі Гүлбағила Болатбекова.
Әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметі бойынша, әйелдер көбінесе осындай алаяқтық әрекеттермен миллион теңге көлемінде табыс туралы құжаттар ұсынған, ал кейін төрт жарым миллион теңгеге жуық төлем алған.
Ал 1500 әйел, төлемдерді тағайындау кезінде, табысын жасанды түрде көтергендерін мойындаған. Осылайша, бюджеттің үш миллиард теңгеден астам қаражаты үнемделген.
“Бұл азаматшалардың әрекеттері қылмыстық кодекстің 190-бабының екінші бөлігі бойынша саралануы мүмкін. Неліктен? Себебі, жалған анықтамалар мен құжаттар, негізсіз ақша аударымдары жасалған. Бұл бап бойынша 400 АЕК дейін айыппұл салу, бостандығын шектеу, сондай-ақ төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да бар”, – дейді адвокат Жандос Тұяқов.
Адвокаттың айтуынша, егер әйелдер өз кінәсін мойындап, келтірілген зиянды өтесе, сондай-ақ, кішкентай балаларының бар екенін сот жазаны жеңілдетуі мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жоғары декреттік төлемдерді әділетсіз алған 113 әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.