Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтардың атына несие рәсімдеген
Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақыны аударамыз деп, аттарына несие рәсімдеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттен төлем жасаймыз деген желеумен су тасқынынан зардап шеккендерге әлдекім қоңырау шалғанын мәлімдеді. Бөрлі аудандық полициясына осыған қатысты шағым түсіпті. Шабуыл жасаушылар өздерін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе еріктілер деп таныстырып, SMS арқылы келген құпиякодты айтуды сұрайды.
“Алаяқтар код жазуды сұрайды, оның көмегімен кейіннен екінші деңгейлі банктерге несие рәсімдейді. Мұндай фактілер республикамыздың бірнеше облыстарында белгілі болды. Олардың айлаларына түсіп қалмаңыздар. SMS кодтарын айтпаңыз немесе белгісіз нөмірлерден келген бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз”, – делінген хабарламада.
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
"Досым 3 миллион теңгеге сатып жіберді": Жоғары жалақы іздеген қазақстандық қалай құлдыққа түсті?
Бостандығым үшін 40 миллион теңге талап етті