Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек сұрайтын әр үшінші хабарлама алаяқтардікі: Полиция сақ болуға кеңес берді

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті су тасқынынан зардап шеккендерге көмек сұраған әрбір үшінші хабарламаның жалған екенін мәлімдеді. Айтуынша, қазір қайырымдылық қорының атын жамылатындар көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері WhatsApp мессенджерінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек сұрайтын топтардың көбейгенін байқаған. 

Петропавл тұрғындары арасында ақша жинайтын WhatsApp топтары құрылды. Онда су тасқынын талқылап, зардап шеккендерге көмек ұйымдастырады. СҚО департаментінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері топ әкімшілерімен үнемі байланыста болып, алаяқтық болуы мүмкін ақпаратты мұқият тексеріп жатыр.



"Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері мұндай жарнамаларды тексереді, көрсетілген адамдар шынайы ма, олар шынымен ақша аударуды ұсынып отырған шоттары соларға тиесілі ме? Үш күн ішінде алты бұқаралық чатта 50-ге жуық жалған жарнама анықталды. Шамамен әрбір үшінші өтінішті алаяқтар жіберген. Жарнамалар жойылды, олардың нөмірлері чаттарда бұғатталды”, – дейді СҚО ПД бақылау департаментінің басшысы Иван Терзиди.

Талқылау