Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алаяқ қарағандылықтардан алдап алған 86 миллион теңгені букмекерлік кеңседе ұтылып қалған

Қарағандылық құмар ойынға әуес азамат букмекерлік кеңседе 86 миллион теңге ұтылып қалған. Ал бұл ақшаны ол қала тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап алған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Лудоман

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жансая Жүнісованың айтуынша, қарағандылық әйел полицияға арыз жазып, бір компанияның адвокаты оған тендерде ұтатынына уәде беріп, осы сылтаумен 41 миллион 500 мың теңге ақшасын алып кеткен. Ол қазіргі уақытта байланысқа шықпай қойған азаматқа қатысты шара қолдануды сұраған.

Заңгер небәрі 23 жаста, бірақ оның керекті сөздерді шебер пайдаланғаны және сенімділігі соншалық, кәсіпкер компьютерлік техниканы сатып алу бойынша тендерден қомақты пайда табатынына сеніп қалған. Тіпті әйел ақшаны жігіттің банктегі жеке шотына аударған да күдіктенбеген. 



Полицейлер алаяқты анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ер адам өз кінәсін толық мойындап, соманың жартысын қарыздарын жабуға жұмсағанын, ал қалғанын букмекерлік кеңседе ұтылып қалғанын айтқан.

Сонымен қатар, заңгер осыған ұқсас алаяқтықтың тағы 12 фактісін мойындады. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 86 млн 400 мың теңгені құраған. Енді ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге қамалуы мүмкін. Соңғы шешімді сот қабылдайды.

Талқылау