Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

OLIMP.KZ ісі: Заңсыз құмар ойын ұйымдастырды деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура мен қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Германия Федеративтік Республикасынан "OLIMP.KZ букмекерлік кеңсенің" қызметіне байланысты қылмыстық топқа қатысы бар күдікті әйелді экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 экстрадиция

Бас прокуратура мәліметіне сәйкес Д. есімді күдікті 2014-2019 жылдары қылмыстық топтың құрамында заңсыз құмар ойындарды өткізуге, салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтаруға, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыруға қатысты деген күдікке ілінген. 

“Аталған құқыққа қайшы әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 86,7 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді. Осыған байланысты оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және оған халықаралық іздестіру жарияланды. 2023 жылдың мамыр айында ол Германия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды”, – деп мәлімдеді бас прокуратура өкілдері. 

Айып тағылған қылмыстарды жасағаны үшін күдіктіге мүлкін тәркілеу, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

“Іздеуде жүрген адамды экстрадициялау германдық құзыретті органдармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Бұдан басқа, Германиямен ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, ағымдағы жылы осы елден Қазақстанға адам өлтіру және есірткі саудасы бойынша күдікті тағы 2 адам экстрадицияланды”, – деп қосты ведомство өкілдері. 

Өз кезегінде Қазақстан Германия тарапына қорқытып алу және зорлау қылмыстарын жасағаны үшін  іздеуде жүрген 2 адамды ұстап берген

Талқылау