Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті
Алакөл жағасында екі бала жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
"Бүгін Алакөл жағалауында ересектердің қарауынсыз қалған 2017 және 2018 жылы туған екі бала демалыс орны аумағынан өз бетінше шығып, адасып кеткен", – делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шаралары кезінде екі бүлдіршін демалыс аймағынан 1,5 шақырым жердегі көл жағасынан табылды. Балалар ата-аналарына тапсырылған.
Министрлік ересектерді балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстанда үш қыздың Жайық өзеніне батып кеткені туралы жазған едік.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр