Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Айнұр Ілиясова продюсерлікпен айналыспақ

Айнұр Ілиясова, бұдан-былай продюсер ретінде бағын сынамақ.  Актриса Juz entertainment тәлімгері, Мерей Зейнеш есімді азаматты қанатының астына алған. Жас орындаушының кезінде «Найнти уан» құрамына енуі де мүмкін еді. Топқа қосыла алмаған ол,  бүгінде кью-поп бағытында ән салмаймын дейді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Сәбиінің дүниеге келуі, танымал актриса Айнұр Ілиясоваға шалқар шабыт сыйлағандай. Нәрестелі болғалы, әуелі жәрмеңке ұйымдастырып еді, енді міне продюсерлікке қол созды.

“Өте талантты бала – Мерей Зейнеш деген. Ол менің жерлесім, Шығыс қазақстанның тумасы. Оны білгелі он жылдан астам уақыт болды деп айтайын”, – дейді Айнұр Ілиясова.

Он жылдай қолқа салған жас әншінің, жетекшісі болуға күні кеше келіскен Ілиясова, жаңа жұмысына бірден білек сыбана кірісе қоймапты.

“Қаржылай жағын қалай айтсақ, 50/50 дейді ғой солай шештік. Дәл қазіргі клиптің бәрін өзі жасап жатыр. Мен пиар жағынан көмектесмеін деп айта алам”, – дейді Айнұр.

Музыка әлемінде жаңа бағыт арқылы, тыңнан түрен саламыз деген орындаушы, ерекше әндерімен баурап алмақ ниетте.

“Әннің аты «Стоп, стоп». Бұл деген жаңа бағытта, панк бағытында. Бізде Қазақстанда тұңғыш осыны дамытатын, адамдар болатын ойымыз бар”, – дейді Мерей Зейнеш.

Мерей осы уақытқа дейін Жүргенов атындағы Өнер академиясын тәмәмдап, Лондон мен АҚШ-та білімін жетілдіріп үлгерген. Ұзақ жылдар бойы Франция циркінің солисті қызметін атқарыпты. Тіпті, кезінде «Жүз интертейменттың» тәлімгері болған көрінеді. Жан-жақты дарын иесінен, Айнұр Ілиясованың ендігі үміті зор.

Жіберіп алмаңыз:

Маржан Арапбаева Димаштың жұлдызын жаққан Қытайдағы ән байқауына қатыспақ

Қарақат “тұсаукесерді бизнеске айналдырды” деп сынағандарға жауап берді

Алтынай Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді

Мейрамбек Бесбаев: Алтынбек Қоразбаевтың арқасында аяғымнан ешкім шалған емес

Талқылау