Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маржан Арапбаева Димаштың жұлдызын жаққан Қытайдағы ән байқауына қатыспақ

Қытайда өткен I am a Singer жобасы Димаш Құдайбергеннің жұлдызын жақты, әлемге танытты. Енді аталған ән байқауында талай сыннан сүрінбей өткен ерекше дауыс иесі Маржан Арапбаева да өз бағын сынап көрмек.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Бір қызығы, Қытай продюсерлері Маржан әншіні аталған жобаға былтыр да шақырған. Алайда Арапбаева отбасылық жағдайларға байланысты бас тартқанын айтады. Есесіне Димаштың жолын аштым, деп мақтанды әншінің өзі.

“Былтыр шақырғаны рас. Сол сәтте балам кішкентай болғандықтан, бас тарттым. 1 жасқа да толмаған, тілі енді шығып келе жатқан, тәй-тәй енді басып келе жатқан. Ұзақ мерзімге тастай алмайтын едім. 5-6 айға жалғасатынын естіген кезде, бас тарттым. Бірақ Димашқа өзгеше жол ашып бердім. Димашқа: “Менің бармағаным қандай жақсы болды”, – деп қалжыңдап қоямын. Шын мәнінде Димаш үшін қатты қуаныштымын. Керекті уақытта керекті жерден табылғаны дұрыс болды. Қазір бүкіл әлемге танымал”, – деп ағынан жарылды Арапбаева.

Сахнаға шыққан күнінен бастап талай додаға қатысқан Маржан жеңіске жетуінің сырымен бөлісті.

“Биыл ұсыныс түскенде, мен бірден келістім. Өйткені мен өнер жолын осындай сайыстардан бастағанмын. Көптеген шет мемлекеттерге шықтым, басқаша айтқанда жарыста жүргенді өзім жақсы көремін. Өз-өзіме дәлелдеу керекпін, өзімді басқа қырынан ашқым келеді. Ол мен үшін өте қызық және ешқашан қорықпаймын. Өзім 23-24 жасымда шықтым, халқы көп Қытай еліне бардым. Сол жерде үшінші орын алып қайттым.

Менің әрқашан да ұстанатын ұраным: “Мен қатысу үшін емес, жеңу үшін барамын” – деп мәлімдеді Арапбаева.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

40 мың доллар: Қайрат Түнтеков атышулы жол апатының қарызынан енді құтылды

Қарақат “тұсаукесерді бизнеске айналдырды” деп сынағандарға жауап берді

Салтанат Бақаева күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды (видео)

Нұрболат Абдуллин: Той – әншілердің айлық алатын жұмыс орны

 

Талқылау