Ақтөбелік келіншек әпкесіне 500 мың теңге аударамын деп алаяқтарға алданып қалған
Алаяқтар ақтөбеліктерді достары немесе туыстарының атынан алдайтын болған. Олар жалған телефон нөмірлер мен арнайы бағдарламаларды пайдаланады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбелік келіншекке WhatsApp желісінде қаскөйлер әпкесінің атынан хат жазып, таң атқанша 500 мың теңге бере тұруын өтінген. Ештеңеден күдіктенбеген әйел қажет соманы аударған. Ал таңертең ол ақшаны алаяқтарға аударғанын түсінген.
“Полиция департаменті азаматтардың мұндай хабарламаларды алған кезде мұқият және сақ болуын сұрайды. Қайта қоңырау шалып, досыңыздан қарызға ақшаны өзі сұрап жатқанына көз жеткізу керек", – делінген ДП баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"