Ақтөбедегі екі пансионатта балаларға заңсыз діни білім берілген
Ақтөбеде прокурорлар балаларға заңсыз діни білім бергені үшін екі пансионатты жапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Аймақтың прокуратурасы мәлім еткендей, прокурорлардың арызынан кейін сот "Ақтөбе" мен "Ақжар" пансионаттарын тіргеу құжатын айыру және жабу туралы шешім шығарған.
Тексеріс барысында қайырымдылық мекемелерінде діни білім берілгені анықталды. Сондай-ақ олар өздерін жазғы балалар лагері деп атаған. Ал тәрбиеленушілердің жеке істерінде діни кітаптар мен діни жазбалар бар дәптерлер табылыпты. Балалар мен тәрбиешілерден жауап алынған соң пансионаттың діни бағытта жұмыс істегені расталған.
Бұдан бөлек мұнда санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі, еңбек нормаларының бұзылғаны анықталған. Себебі пансионаттар санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларсыз жұмыс істеп келген.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан