Ақтөбеде үш апталық нәрестені шайханаға тастап кеткен әйел ата-ана құқығынан айырылады
Ақтөбеде үш апталық сәбиін шайханаға тастап, ішімдік ішуге кеткен 31 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнежазбадан скриншот
Полиция мәселені комиссияда қарау үшін құжаттарды дайындауда.
Үш апта бұрын ғана қызын дүниеге әкелген Ақтөбе тұрғыны орталық базардағы шайханада жаңа туған нәрестесін тастап кеткен. Бірнеше минуттан кейін ораламын деп сендіріп, қайта келмеген.
Нәтижесінде бала полицияға тапсырылды. Қауіпсіздік қызметкерлері анасын тапты. Ол жолда таныстарын көріп, олармен алкоголь ішуге кеткенін түсіндірді. Енді әйел ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
“Әйелге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы, 1-бөлігі “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол профилактикалық есепке алынды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.
Ақтөбеде әйел жаңа туған сәбиін шайханада тастап кеткені айтылды. Бір күннен соң ол ұсталды.