Ақтөбеде баласын шайханаға тастап кеткен әйел ұсталды
Ақтөбеде баласын шайханаға тастап кеткен әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ювеналды полиция қызметкерлері үш апталық қызды балалар үйіне жеткізді.
Ал Ақтөбеде жалдамалы пәтерде тұратын 31 жастағы оның анасын анықтап, полиция бөліміне әкелді.
Ақтөбе облысының полиция департаментінің хабарлауынша, әйел алкогольдік ішімдік ішкен таныстарымен кездескенін түсіндірді.
Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол профилактикалық есепке алынған.
Еске салсақ, Ақтөбеде әйел жаңа туған баласын шайхана қызметкерлеріне бірнеше минутқа қарай тұрыңыз деп қалдырып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген