Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актер көрерменнің қалауын орындамайтынын айтты

Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жаңа басшысы Нұрхан Кәдірбаев енді көрерменнің қалауын орындамайтынын айтты.

Оның пайымынша, көрермен театрды билеп кеткенге ұқсайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Театрға келу үшін қалаған уақыттарын ұсынатын ақтөбелік көрерменнің әрекетіне театр басшысы келіспейтінін айтты. Енді тек алдын-ала бекітілген уақытта қойылып, оны өзгерткен адам театрдың жауы болып саналатынын да жасырмады.

«Мен театрға келген кезде ең бірінші театр көрерменді емес, көрермен театрды билеп алғанын түсіндім. Яғни, бір колледждің көрермендері сағат 16.00 келгісі келетінін айтады. Сол күнгі 19.00 жоспарлаған қойылым 16.00 ауысады. Репертуарлық саясатты өзгертіп тек бекітілген уақытында болады. Оны өзгерткен адам театрдың жауы болады. Тіпті, қойылым уақытын қадағалап отыратын бұйрықпен бекітілген адам бар», — деді Нұрхан Кәдірбаев.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)

Қария тойда есіріп билеп жатқан қыз бен жігітті таяқпен салып қалды (видео)

Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушысы өз туған күнінде қайтыс болды

Талқылау