Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)
Алматы облысының Сарыөзек ауылында ерекше мұз пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тұрғындар әп-сәтте пайда болған алып мұзды көріп, таңданысын жасырмады. Кейіннен мұздың қалай пайда болғаны да белгілі болды. Қақаған аязда су құбыры жарылып, одан аққан су қатып алып мұзға айналған.

Алып мұз ел аузында “ауылдың айсбергі” аталып кетті. Көпшілік ерекше мұз қасына суретке түсу үшін бала-шағасын алып келіп жатыр. Бір қарағанда мұзды әдейілеп қолдан жасағандай әсер қалдырады.



Тағы да оқыңыз:
Апатқа ұшыраған ұшақ жолаушысы өз туған күнінде қайтыс болды
Қария тойда есіріп билеп жатқан қыз бен жігітті таяқпен салып қалды (видео)
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”