Ақтөбеде студент қыз қала тұрғынының интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған
Ақтөбе полиция департаменті ақтөбелік студентті қылмыс үстінде ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласының жергілікті университетінің студентінен ірі көлемде ақшалай қаражат бопсалау дерегін анықтады.
Мұны осы оқу орнының студенті ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялайтынын айтып қорқытып, бопсалаған. Осы жылдың 25 наурызында жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер қолма-қол ақша алғаннан кейін күдіктіні ұстады.
Ұсталған қыз кінәсін мойындады. Ол қылмысы үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Еске салайық, Астанада 40 жастағы ер адам бірнеше ай бойы астаналық әйелге қоқан-лоқы көрсетіп, ақша бопсалап отырғанын жаздық. Егер бермесе әйелдің интим видеосы мен суреттерін әлеуметтік желіге жүктеймін деп қорқытқан.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”