Интимдік видеоларды таратамын деп қорқытқан: Астанада әйелден ақша бопсалаған ер адам ұсталды
40 жастағы ер адам бірнеше ай бойы астаналық әйелге қоқан-лоқы көрсетіп, ақша бопсалап отырған. Егер бермесе әйелдің интим видеосы мен суреттерін әлеуметтік желіге жүктеймін деп қорқытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті тағы да 1,5 млн теңге көлемінде ақша талап еткеннен кейін зардап шегуші полицияға арызданған. Ол бұған дейін бопсалаушыға 3 млн 400 мың теңге беріп үлгеріпті.
“Жедел-іздеу шаралары барысында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ер адамды жанармай бекетінің автотұрағында ақша беріп жатқанын жерінен ұстады. Бұған дейін де сотталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр”, – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысының полицейлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлері Qarmet АҚ-ның жұмысшылары мен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтады.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді