Желдеткішпен ұйықтау терінің құрғауына және аллергияға әкелуі мүмкін

Терапевт Хана Патель желдеткіш қосылып тұрған бөлмеде ұйықтау денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Metro.co.uk порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігердің айтуынша, желдеткіштің ауа ағыны бөлмедегі шаң мен өсімдік тозаңын таратып, аллергиясы бар адамдардың белгілерін күшейтуі ықтимал. Сондықтан мұндай жағдайда түшкіру, мұрынның бітелуі немесе көздің жасаурауы жиілейді.
Сондай-ақ маманның сөзінше, демікпесі (астмасы) бар адамдарда желдеткіш аурудың ұстамасын қоздыруы мүмкін. Бұған қоса, салқын ауа ағыны ұйқы кезінде бұлшықеттердің ширығуына әкеліп, таңертең оянғанда ауырсыну сезімін тудыруы ықтимал.
ОқыңызХана Пательдің айтуынша, желдеткішпен ұйықтау терінің де құрғауына себеп болуы мүмкін. Ол бұл әсерді ұзақ уақыт ұшақта отырғаннан кейінгі терінің құрғауымен салыстырды.
"Ең бастысы, терінің тітіркенуінің алдын алу үшін ұйықтар алдында және ұйқыдан кейін оны ылғалдандырып тұру қажет", – деді дәрігер.
Еске салайық, бұған дейін диетолог Пабло Охеда аптап ыстықта ағзаға салмақ түсірмейтін жеңіл тағамдарды, әсіресе балықты көбірек тұтынуға кеңес берген еді. Оның айтуынша, балық жеңіл қорытылады, ағзаны сапалы ақуыз бен омега-3 май қышқылдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мамандар ыстық күндері жеткілікті мөлшерде су ішіп, алкогольден мүмкіндігінше бас тартуға шақырады.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін