Ақтөбеде полигон өрті болды
Ақтөбеде жаңбырға қарамастан, қоқыс полигоны өртенуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полигонда 2015 жылдан бастап қайта-қайта өрт болады. Биыл Ақтөбені полигондағы өрттің салдарынан түтін жапты.
"Бүгін шамалы түтіндеп, бірнеше сағаттан кейін жалын өршіп кетті. Мұнда өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Жел Қорайлы ауылына қарай соғып жатыр, сондықтан ауыл тұрғындарына терезелерді жабуды ұсынамын. Болжам бойынша түнде желдің бағыты өзгеріп, түтін қалаға қарай жылжиды. Сондықтан ақтөбеліктерге де түнде терезелерді ашық қалдырмауға кеңес беремін", – деді “Ақтөбе, дыши!” еріктісі Евгений Лазарчук.
Олар қоқыс полигонын толтыру арқылы жыл соңына дейін мәселені біржола жойғысы келеді.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?