Көлігі өртеніп кеткен: Ақтөбеде мас күйінде рөлге отырған әйел жол апатының себепшісі болды (видео)
Ақтөбеде таңертең үш көлік қатысқан жол апаты орын алды. Жолдың қарсы бетіне шығып кеткен Daewoo Nexia екі көлікпен соқтығысқаннан кейін толығымен жанып кеткен. Жол-көлік оқиғасы бейне бақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан Daewoo Nexia көлігінің жолдың қарсы бетіне шығып кеткенін көруге болады. Осы сәтте ол Lada Priora және Opel Vectra автокөліктерімен соқтығысып, артынша бірден жана бастаған.
Қалалық Полиция Департаменті Тергеу және анықтау басқармасы басшысы Эльмира Суликанованың айтуынша, Daewoo Nexia жүргізушісі 31 жастағы әйел мас күйінде рөлге отырған.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Daewoo Nexia жүргізушісі мен жолаушысы және Lada автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын