Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған депутат қызметінен кетті
Мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Сәния Мұратова сайлау комиссиясына өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ереже бұзған депутат 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Материалдар әкімшілік сотқа жіберілді.
"Депутат Мұратова аумақтық сайлау комиссиясына өкілеттігін тоқтату туралы арыз жазды. Қолданыстағы тәртіп бойынша мәслихатқа аумақтық комиссиядан хат түсті. Өтініш бойынша шешім мәслихат сессиясында қабылданады", – деді қалалық мәслихаттың төрайымы Анар Даржанова.
Сания Мұратова – кәсіпкер. Осы жылдың наурыз айында қалалық мәслихаттың депутаты болып сайланған. Мәслихатта Сәния Мұратова әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болды.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде қалалық мәслихат депутаты көлікті мас күйде жүргізіп ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”