Ақтөбеде екі ер адам әйелге шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды
Ақтөбеде екі ер адам әйелге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күдіктілердің бірі Зашаған кентінде, екіншісін Ақжайық ауданында ұсталды.
“17 тамызда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестерімен бірлесіп, 16 тамызда 1995 жылы туған әйелге қатысты қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе қаласында 2002 және 2003 жылы туған БҚО-ның екі тұрғынын ұстады”, – деп жазылған полиция хабарламасында .
Олар әйелдің 2000 АҚШ доллар ақшасын және 3 ұялы телефонын, Air Pods құлаққабын ұрлап кеткен.
“Ұрланған ақшалай заттар, 1 ұялы телефон және Air Pods құлаққабы тәркіленді. Тергеу жұмыстары басталды”, – деп қосты полиция өкілдері.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге