Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде белгілі тележүргізушінің өлімінен кейін сотталған механик бостандыққа шықты

Ақтөбеде 28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өлімінен кейін сотталған лифт  жөндеуші механик арада екі айт өткеннен кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтөбеде белгілі тележүргізушінің өлімінен кейін сотталған механик бостандыққа шықты

Бастапқыда Жарылқасын Ақжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда аппеляциядан кейін оны шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар Ақжанов жәбірленуші тарапқа 2 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеп берген.

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде журналист Айзат Әбдісамат лифтке қысылып, көз жұмды. Тележүргізушімен бірге оның үш жасар қызы болған. Куәгерлердің айтуынша, лифт алтыншы қабаттан төмен түскен лифтінің есігі қайта-қайта ашылып қала берген. Есік жартылай ашылған шақта бүлдіршін сыртқа шығуға талпынған. Айзат қызының соңынан еремін деп ажал құшты. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау