Ақтөбеде арнайы интернатта балаларды ұрған медбике сотталды
Ақтөбеде арнайы мектеп-интернатта балаларды соққыға жыққан медбикеге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz.

Ақтөбенің қылмыстық істер жөніндегі сотында 30 жастағы медбике “азаптау” бабы бойынша сотталды. Айыптауға сәйкес әйел өзі қадағалауға тиіс мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерін ұрып-соғып отырған.
Қылмыс көктемде психикалық ауытқулары ауыр балалар тәрбиеленетін мектеп-интернатқа прокурорлық тексеру барған кезде ашылған. Бейнебақылау камераларынан әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз тәрбиеленушілерін ұрып-соққаны анықталды. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалды.
Сотта медбике өз кінәсін мойындады. Ол төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты