Ақтөбеде 500-ге жуық адам тазалық акциясына атсалысты
Бүгін "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында өңірімізде "Таза орман" акциясы өтті.

Акция Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі орналасқан "Заречный-3" тұрғын-жай аумағында да болды.
Акцияға облыс бойынша жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері, "Жасыл ел" жасақтарының сарбаздары бар.

Орман шаруашылығы мекемелері акцияға қатысушыларды қажетті техникалық жабдықтармен қамти отырып, қураған ағаштарды кесу, жол жиектеріндегі, арықтағы күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғайтын 9 мекеме (Ақтөбе, Үлкен-Борсық, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Орқаш, Байғанин) бар. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы — 217,8 мың гектар.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр