Ақтөбе облысында жылқының кесірінен көлік жүргізушісі көз жұмды
Ақтөбе облысында 33 жастағы Toyota Camry жүргізушісі жылқымен соғысып, көз жұмды. Қайғылы оқиға үшінші шілде күні сағат 2:10-да Самара-Шымкент жолында орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіл көлік жүргізушісі Қобда ауылынан Ақтөбе қаласына жол тартқан. Көлік жануармен соғысып, жылқы оқиға орнында өліп қалды.
Ал жүргізуші мен екі жолаушы Қобда аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Жүргізуші келесі күні алған жарақатының салдарынан қайтыс болды.
Қазіргі уақытта полицейлер жануардың иесін іздеуде. Ол жауапкершілікке тартылатын болады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар