Павлодар облысында жолаушы көлік ішінде жанып кетті
Павлодар облысында жол апаты болып, көлік ішінде бір адам жанып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Нұр-Сұлтан - Павлодар тасжолында Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен.
"1987 жылғы ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылғы ер адам жабық бас сүйек-ми зақымы мен беті жыртылып Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді", - деді басқарма өкілдері.
Ал үшінші адам кім екені анықталмады.
"Үшінші адам "Индрайвер" қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады", - дейді олар.
Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсетті.
"Суда үлкен нәжіс жүзіп жүрді": Танымал бассейндегі жағымсыз көрініс алматылықтың ашуына тиді
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"