Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында жаңадан салынған тас жол үгітіліп кеткен (видео)

Ақтөбе облысында Қобда мен Калиновка арасындағы жаңадан салынған жолдың беті үгітіліп үлгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: “Диапазон” 

Тұрғындар тас жолдың сапасыз салынғанына наразы.

"Жолда жөндеу жүріп жатыр, 22 мамырда асфальт төселді. Бір-екі көлік өтіп еді, бәрі үгітіліп кеткен. Қандай сапа өзі? Тас жолдың жөндеуі суып үлгермеді", – дейді тұрғын.

Битум ұсақталып, жолдан шашырап кеткен.

Әкімдік жағдайға түсініктеме беріп, оны мердігер реттейтінін жеткізді.

Облыстық "Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Сол-Илецк" автожолының 125-267 шақырымы аралығындағы учаскеге жөндеу жұмыстарын "ЗапКазПромСтрой" ЖШС жүргізіп жатыр. Бұл жолда шұңқырларды жөндеу жүріп жатыр. Мердігер ақауларды өз есебінен жөндейді. Жолға күрделі жөндеу 2019 жылы жүргізілгендіктен, орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасалған. Оның барысында жолға екі қабат қатты жабын төселеді”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Талқылау