Ақтөбе облысында тіс дәрігеріне барған 61 адам гепатит жұқтырған
Ақтөбе облысында жыл басынан бері 88 В гепатитін жұқтыру дерегі тіркелген. 2021 жылы бұл көрсеткіш 63-ке тең болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тіс дәрігеріне барған соң 61 адам В гепатитін жұқтырған. Қалған адамдар инфекцияны сән салонына немесе шаштаразға барғаннан кейін жұқтырыпты.
В геппатит вирусы – бауырдың зақымдалуынан туындайтын инфекциялық ауру. Көп жағдайда метаболизм бұзылып, тері сарғаяды. Уақыт өте бұл созылмалы гепатит немесе бауыр циррозына алып келеді.
Инфекцияның көзі – ауру жұқтырған адам немесе тасымалдаушы. Көбіне парентеральді немесе қан арқылы жұғады.
Гепатитті көп жағдайда косметика салонында немесе құралдары бірнеше рет қолданылатын шаштараздарда жұқтырып жатады.
Сонымен қатар маникюр, педикюр, пирсинг, татуировка салу, сақал ау кезінде жұқтыруы мүмкін. Құралдарда вирус болады. Сондықтан шеберлерге әр құралды өңдеп отырған жөн.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
"Қазірден балалардың болашағын ойламасақ, жағдай қиындайды": Туу көрсеткішінің жылдам артуы Қазақстанға қандай қауіп әкеледі
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”