Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында тағы бір Алтын адам табылды

Ғалымдар тобы Ақтөбеде көмілген Алтын адам тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Зерттеушілердің сөзінше, бұл Алтын адамның бас киімі, қару-жарағы мен жанында көмілген тұлпарының әбзелдері де алтыннан жаслған. 

Ғалымдар Ақтөбедегі Алтын адамды Тасқопа ауылының жанынан тапқан. Сөздерінше, бұл жәдігер ежелгі сарматтардың дәуірінен бері сақталған. 

«Есіктен табылған Алтын адамның барлық заттары тұтас алтыннан жасалмаған еді. Тасқопадағы Алтын адамның бас киімі темірден жасалып, алтынмен қапталған», - деді Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институттың жетекші ғылыми қызметкері Дархан Байтілеу.

Сонымен қатар, зерттеушілер ақтөбелік қорымның сармат заманынан бері бірнеше рет тоналғанын айтты. Соның өзінде олар алтыннан жасалған заттардың сақталғанын ескеріп, таңқалып отыр. Ендігі кезекте тарихи мұраны зерттеу үшін археологиялық институт зертханасын осында көшіріп әкелу жоспарланып отыр. 
 

Талқылау