Ақтөбе облысында полицей аң аулау кезінде танысын атып өлтірген
Ақмола облысында 3 қыркүйекте полиция қызметкері аң аулау кезінде танысын атып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Аталған деректі полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша тергеп жатыр. Кісі өлімі туралы ақпарат 3 қыркүйекте түскен.
Полиция қызметкері демалыс күнінде танысымен аңшылыққа барған. Аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен танысын атып тастаған, салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр
Жолақы төлемейтін жолаушылардың кесірінен автобустар лық толып жатыр: Әкімдіктер кептелістің себебін түсіндірді
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр