Ақтөбе облысында қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген ер адам ұсталды
Ақтөбе облысында қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген ер адамды ұстады. Тұрғын бұл әрекеті үшін жауапкершілікке тартылатын болады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ер адамның қасқырды өлгенінше сабағаны туралы желіде тараған болатын. Ақтөбе облысының полицейлері талдау барысында кінәліні анықтады.
“Ырғыз ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ауданның 37 жастағы тұрғыны анықталды. Ұсталған адам қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болғандықтан оны мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен өлтіргенін түсіндірді”,- делінген хабарламада.
Полиция басқармасының мәліметінше, қазір ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады