Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында дау тудырған шошқа фермасы жабылатын болды

Ақтөбеде дауға айналған шошқа фермасы жұмысын толықтай тоқтатын болды. Облыстың экономикалық соты доңыз өсіретін кәсіпорынның биологиялық қалдықтар қоймасын пайдалануға және фермадан шығатын қалдық суларды ағызуына тыйым салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

шошқа

Мұндай қатаң шара кәсіпорында экологиялық нормалардың бұзылғаны белгілі болғаннан кейін қолданыла бастады. Тиісті мекемелер шошқа фермасындағы барлық өндірістік және биологиялық қалдықтар ауылдың жанындағы траншеяларға көміліп келгенін дәлелдеді. Сонымен қатар, фермада жобада көрсетілген 40 мың бас емес, 50 мыңнан астам доңыздың бары белгілі болды. Бұдан бөлек, ферма иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір ол сотта қаралып жатыр. Экологтардың шағымы бойынша экономикалық сот қожалықтың рұқсат қағаздарын тартып алды. Бұған дейін әкімшілік сот кәсіпкерге жеті миллиард теңге айыппұл салған еді. Бұл ақша әлі төленбеген. 


"Айғақтардың бәрін құртып жатыр": Ақтөбе облысында шошқа фермасының жұмысшылары мен тұрғындар төбелесіп қалды


"Серіктестіктің шаруашылық жүргізу қызметінің өндірістік ағынды суларды сақтау қоймаларына және жер бедеріне жіберу бойынша бөлігінде және биологиялық қалдықтарды сақтау қоймасын пайдалану бөлігінде бұзушылықтар қалпына келтірілгенге дейін тоқтатылды. Сонымен қатар, жауапкер қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттан айырылды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жойылды", - деді Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз хатшысы Халима Оразова. 

Талқылау