Ақтөбе облысында балаларға баллоннан бұрыш шашқан жасөспірім қамауға алынды
Ақтөбе облысында екі балаға баллоннан бұрыш шашқан жасөспірім уақытша қамау изоляторына қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасөспірім Қазақстан мен Ресей шекарасынан өтпек болғанда ұсталған еді.
"Балаларға қарсы газ құтысын қолдану фактісі бойынша ұсталған кәмелетке толмаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салайық, оқиға 6 шілдеде болған еді. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірімнің балалардың жанына келіп, бұрыш сепкенін көруге болады.
Сондай-ақ видеода күдікті “1488” деген сандарды атаған. Аталған сандар неонацистер мен ұлтшылдардың құпия ұраны болған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар