Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында алаяқтар субсидиялауға бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырған

Ақтөбе облысында 4 шаруа қожалығының өкілдері алаяқтық жасап, аграрлық-өнеркәсіптік кешенді субсидиялауға бөлінген 1 млрд теңгені жымқырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ақша стан

Фото: Stan.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезіндегі алаяқтық фактілерін анықтады.

“Тергеу барысында 4 шаруа қожалығының өкілдері жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген мемлекеттік субсидиялар мен кредиттік қаражатты жымқырған үш азамат анықталды. Мемлекетке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық ірі мөлшерде залал келтірілді”, – делінген хабарламада.



Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында залал өтелді. Алаяқтық жасағаны үшін үш күдікті сот үкімімен 5 жылға сотталды. Сотталушылардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында Қаржылық мониторинг агенттігі АӨК саласын дамытуға бөлінетін субсидиялар мен кредиттік қаражаттардың орынды жұмсалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл жұмыс адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Талқылау