Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе лифтінде көз жұмған әйел тележүргізуші болып шықты

Ақтөбеде лифтіде қайтыс болған әйел тележүргізуші болып шықты. Айзат Әбдісамат аймақтық телеарнада таңғы және балаларға арналған бағдарлама жүргізген. Екі баланың анасы Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Фото Айзаттың жеке парақшасынан

Бұған дейін Айзаттың лифтіге үш жасар қызымен бірге кіргені хабарланған еді. Жас ана лифтке кірген кезде есік жабылып, оның денесі бөлшектеніп кеткен. Тележүргізушінің артында бір қызы қалды.

Қазіргі уақытта Айзаттың жақындары қайғыдан қан жұтып отыр. Ал журналисті танитындар әлеуметтік желі арқылы көңіл айтуда.

Фото Айзаттың жеке парақшасынан

“Өткенде ғана нөмерін алып, 6-7 жылдай естімей кеткен жарықылдаған даусын естіп, аз-кем сөйлескен едік…. Өте жайдары, ақылды қыз болды! 4 жыл бір факульттете оқыдық, жақын араластық. Алланың салғанына не дерміз. Балапаны аман болсын! Жақындарына қайғырып көңіл айтамын!” – дейді журналист Жәнібек Ғалым.

Оқиға 4 сәуір күні кешке орын алған. Лифттің есігі толық ашылмастан, үш жасар қыз оның ішіне кіріп кеткен. Анасы қызының артынан кірмек болғанда есік жабылған. Айзат оқиға орнында көз жұмды.

Тағы оқыңыз: 

Алматыда 18 жастағы жігітті қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

Оралда ит өз қожайынын тістелеп өлтірді (видео)

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балаға шұғыл көмек қажет

Қайтыс болғаннан кейін трансплантациялау үшін ағзаларды қалай беруге болады

Талқылау