Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ит өз қожайынын тістелеп өлтірді (видео)

Оралда ит өзінің қожайынын тістелеп, өлтіріп қойды. Оқиға 4 сәуірге қараған түні орын алғанымен, туыстары суыт хабарды таңертең бір-ақ естіген. Қазіргі уақытта оқиға орнында криминалистер жұмыс істеп жатыр, ал итті ветеринария қызметкерлері алып кеткен.

Бұл туралы аймақтық «Уральская неделя» басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Үй жануары 88 жастағы Елена есімді зейнеткерді өз ауласында өлтірген. Марқұмның көршісі Ұлдай Нұралиеваның айтуынша, жасы келген қария үйінде жалғыз тұрған.

«Бұл итті Лена апамыз күшік кезінен баққан. Оны үнемі байлап қоятын. Ит үлкен емес сияқты еді. Бүгін түнде көршімді иті тістеп алыпты. «Жедел жәрдем» келді, біз оның қан қысымы көтерілген екен деп ойладық. Таңертең көршілерімнен «Жедел жәрдемнің» ішке кіре алмағанын естідім. Әжей көп қан жоғалтқандықтан көз жұмған екен», – дейді көршісі.

БҚО ІІД баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты пікір білдірмеді. Ал ветеринариялық қызмет өкілдері итті ұйықтатып, карантинге алып кеткен.

Тағы оқыңыз: 

Қостанайда құдықтан сәбидің өлі денесі табылды

Лисаковскіде төбелесті тоқтатпақшы болған ер адам қайтыс болды

Қызғаныштан кастрациялаған: Айыпталушы қанша жылға сотталуы мүмкін

Көкшетауда әйел гараждан күйеуі мен белгісіз қыздың өлі денесін тауып алды

Талқылау