Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда құдықтан сәбидің өлі денесі табылды

Қостанай облысында әскери қызметкерлер құдықтан өлі сәбидің денесін тауып алды. Шекарашылар жақын жердегі құдықтан су алу үшін барғанда сәбидің денесін көріп қалған.

Бұл туралы аймақтық alau.kz басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, оқиға Федоров ауданының Кеңарал ауылында болған.

Ұлттық қауіпсіздің Комитеті шекара қызметінің 2031 әскери бөлімі командирінің орынбасары Рахмидин Важитовтың айтуынша, әскерилер құдыққа су алу үшін барған.

Құдық шекара бекетінен 30 метр қашықтықта орналасқан. Әскерилердің бірі су толтырып жатқанда қуыршаққа ұқсас бірдеңені байқаған. Оны шелекке іліп алып, жоғарыға көтерген. Сол кезде шекарашылар өлі сәбиді анықтаған. Ұл баланың денесі іріп-шіри бастаған», – дейді Рахмидин Важитов.

Облыстық ішкі істер департаменті әзірге болған оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Оқи отырыңыз: 

Ақтаудың тумасы Волгоградта қайғылы жағдайда көз жұмды

ШҚО-да автобус өртенді: Жолаушылар өрттен қалай аман қалғандарын айтты

Көкшетауда әйел гараждан күйеуі мен белгісіз қыздың өлі денесін тауып алды

Талдықорғанда өзінің басшысын атып өлтірген әскери қызметкер ұсталды

Талқылау