Қызғаныштан кастрациялаған: Айыпталушы қанша жылға сотталуы мүмкін

Астанада қаласында сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйелге қатысты даулы іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«30 наурыз күні айыпталушы Ж.А Нұржановаға қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 106-бабының 2-тармағы, 3 –тармақшасы (Дәрменсіз адамға ерекше қатыгездікпен қиянат жасалған, сондай-ақ адамды ұрлау немесе кепілдікке алу) бойынша Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотына қарауға жіберілді»,-делінген хабарламада.

Аталған бапта бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде қызғаныштан жігітін кастрациялаған  36 жастағы әйелге қатысты сот шешіміның фотосуреттері жарияланған болатын. Кейінірек сот қызметкерлерінің бұл ақпаратты таратпағаны белгілі болды.

Сонымен қатар, желіде кастрацияланды деген жәбірленушінің денесінің фотосуреті жарияланды. Алайда денсаулық сақтау басқармасы кастрацияға байланысты іске қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

“Харекет” қоры мен театр актерлары бірлесіп 4 балалы анаға баспана сыйлады

Қазнеттегі домендерді тіркеудің жаңа ережесі бекітілді

Шымкентте халықты улаған балмұздақ дүңгіршегінің екі қызметкерінен сальмонеллез қоздырғышы табылды

Оралда жаңа туған нәрестесін зират басына тастап кеткен ана бір ай бойы іздеуде жүр

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр