Актер Жан Байжанбаев тікелей эфирде журналисті ұрып жіберді
Қазақстандық тележүргізуші, актер Жан Байжанбаев таңғы бағдарламаның тікелей эфирінде журналистке соққы жұмсады. Актердің ұрған сәті видеоға түсіріліп, желіде жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Тілші “Оскар” сыйлығын табыстау кезіндегі Уилл Смиттің әрекеті жайлы айтты. Актер салтанатты шарада “Оскар” жүргізушісін ұрып жіберген еді. Қазақстандық журналист Байжанбаевтың әлі “Оскар” алмағанын және мұның таңғалдырарлық жағдай емес екенін айтқан. Бұған ашуланған Байжанбаев студиядан шығып, тілші тұрған аймаққа барып, оны ұрып жіберді.
"Өзіміз отырып шай ішейік": Дубайдағы концертінде қазақша қалжыңдаған Димаш елді күлдірді
Даулы сәт хайп үшін қолдан жасалды ма әлде шынайы ма, ол жағы белгісіз. Бастысы, журналистке қатты зақым келмеген.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар