Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Актер әдемі, бойы ұзын болады, сен актер бола алмайсың деді": Қуандық Шәкіржанов өзімен бәстескендер жайлы

Актер Қуандық Шәкіржанов өзіне айтылған сын жайлы айтты. Ол "актер бола алмайсың" деп неше адам бетіне басса да, мақсатынан тайынбаған.

Бұл туралы Talk like бағдарламасында айтылды.

"Кезінде мен актер болам, театрға оқуға түсем деп жүргенде жеңгем сын айтты. 1Актер болатын адамның түрі келісті болу керек, бойы ұзын болу керек. Сырт келбеті сай болу керек. Сен оқуға түсе алмайсың. Сен оқуға түссең, ай сайын жалақымнан 20 сом аударып тұрам1 деген еді. Мен оқуға түстім. Жеңгем бірақ ақшасын берген жоқ. Әлі қарыз", - деді актер.

Айтуынша, актер оқуды бітірген соң бірден телевизия саласына кетіпті. Кейін туған қаласы Жаркентте Мәдениет үйінде жұмыс істеген. Бауыржан шоу театрына шақырылып, театрда актер болды. Танымалдығы осы тұста артқан актер тойларға шығып табыс таба бастады.  

"Мен Семейге күйеу баламын. Әйелім Семейдің қызы. Мен киноға ылғи Бақытпен бірге түсетіндіктен екеумізді ерлі-зайыпты деп ойлап жатады. Әзірге бір әйелім бар. Бір қыз, бір ұлым бар", - дейді ол.

Актердің ұлы да әкесінің жолын қуып, актер болуды армандайды. Әкесі қарсы болғанымен, анасы мен ұлының таңдауына қарсы келе алмағанын айтты. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 12 Ақпан, 2020 16:54
Талқылау