AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғындары Елдос Сметовке пәтер мен Rixos қонақүйінің жанынан жер сыйлады

Ақтаулық кәсіпкерлер Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Елдос Сметовке пәтер мен жер сыйлады. 

Сүйінші жаңалықты бапкер Әділ Бисенқұлов жария етті.

"Ауылға батыр келсе хан түйесін сойған" дегендей, еліміздің абыройын, көк байрағымызды желбіретіп жүрген дзюдо күресінің әлемдік аренадағы жарық жұлдызы Елдос батырға шәкіртім Мирас Бесбайұлы Сайыновтан Ақтау шахарынан пәтер және оған қоса Rixos-тың қасынан жекеменшік жер сыйлады. Осындай шәкірттерім барда қалай қуанбайсың?! Алла істеріңе береке берсін. Дәл осы бағытта елдеріңе ерінбей адал қызмет ете беріңдер. "Болар елдің жігіттері бірін-бірі батыр дейді”. Ауыздарың бір болып, бағындырар шыңдарың көп болсын!", – деп жазды Әділ Бисенқұлов. 

Айта кетейік, Елдос Сметов Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған. Ол жартылай финалда Нидерланды өкілі Торнике Чакадуаны жеңген болатын.

Сонымен қатар Токиодан елге оралған Елдос Сметовке алғашқы көлікті әуежайдан күтіп алу рәсімінде тарту еткен еді.

Бердібек Сапарбаев Елдос Сметовке екінші автокөліктің кілтін табыстады. Ал жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр