Ақтаудағы жағажайда жасөспірім суға батып кетті
Ақтаудағы Приморский ауылы маңындағы жағажайда 1 жасөспірім суға батып мерт болды, тағы екі баланы тұрғындар аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға туралы хабар құтқарушыларға 2 маусым күні сағат 17:13-те түскен.
"Куәгерлер Приморский тұрғын үй алабына қарама-қарсы орналасқан жағажайда 17 жастағы жасөспірімнің суға батып кеткенін айтты. Тағы екі баланы куәгерлер құтқарып алған. Қазіргі таңда оқиға орнында сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр",-деп хабарлады Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"